Павлодарлық садақшылар үйсіз қалмайды
Бұл мәселе облыс спорт басшылығының бақылауында, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Күні кеше облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Имашев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Облыстың бас спортшысы түрлі сауалдарға жауап берді.
Атап айтқанда, садақ атудан жаттықтырушы Татьяна Пак өз мәселесімен көмекке жүгінді. Спортшылар «Батыр» стадионында (бұрынғы «Металлург») ұзақ уақыт жаттыққан. Жаттықтырушыны алдағы уақытта бұл нысанның бұзылып, оның орнына көркем гимнастика сарайының салынуы алаңдатты.
Азамат Имашев Татьяна Пактың барлық уәждерін мұқият тыңдап, «Батыр» стадионы орнында жаңа орталықтың құрылысы туралы ақпаратты тағы да растады.
– Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы бапкерге садақ ату секциясын орналастырудың бірнеше нұсқасын ұсынды. Енді таңдау Татьяна Пакта, яғни спортшылар міндетті түрде жаттығатын орынсыз қалмайды, - деп түсіндірді басқарманың баспасөз хатшысы Константин Музалевский.
Жеке кездесуде барлық сұрақтар нақтыланып, жұмысқа қабылданып, облыстық спорт басқармасы басшысының жеке бақылауына алынды.
Естеріңізге сала кетейік, екі қабатты көркем гимнастика орталығы халықаралық жарыстар мен жаттығулар өткізуге мүмкіндік береді. Орталықта бассейн, буфет және асхана болады. Екінші қабатта хореография бөлмелері, мәжіліс залы және көрермендерге арналған мінбер болады.