Павлодар облысында қаңтарда жауын-шашын нормадан көп түседі
Синоптиктер 2024 жылдың алғашқы айында болатын ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, қаңтарда орташа ауа температурасы -11...-15,8°С шамасында болады. Бұл нормадан екі градусқа жоғары.
Бірінші онкүндіктің басында сынап бағанасы түнде -17...-22°С-тан -7...-12°С-қа дейін төмендеп, ал күндіз -10...-15°С-тан -2...-7°С-қа дейін жылынады. Содан кейін ауа температурасы түнде -15...-20°С дейін, облыстың солтүстігінде -23°С, күндіз -10...-15°С дейін төмендейді.
Айдың екінші онкүндігінде сынап бағанасы түнде -7...-12°С-тан -12...-17°С, ал облыстың солтүстігінде -20°С, күндіз 0...-5°С-тан -7...-12°С-ты көрсетеді.
Үшінші онкүндікте ауа температурасының түнде -7...-12°С-тан -2...-7°С-қа дейін, облыстың солтүстігінде -12°С, күндіз 0...-5°С-тан 0...+5°С-қа дейін біртіндеп көтерілуі болжанады.
Бір айда жауын-шашын мөлшері облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде нормадан көп болады деп күтілуде (норма: 11-18 мм).
Қар мен боран бірінші онкүндіктің ортасында және соңында, екінші онкүндіктің басында және ортасында болады. Жауын-шашын айдың соңында күтіледі. Тұман мен көктайғақ айтың соңында болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына15-23 метрге дейін соғады.