Павлодарлық шаңғышы қысқы ауылдық ойындарында жүлдегер атанды

Павлодарлық шаңғышы қысқы ауылдық ойындарында жүлдегер атанды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жарысқа 300-ден астам жас спортшы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының айтуынша, Железин ауданының тұрғыны Данил Акифьев төртінші қысқы ауылдық ойындарда  шаңғы жарыстарында жүлдегер атанды. 

– Данил Акифьев еркін, мәнерлеп сырғанау стилінде өткен жарыста сенімді жеңіске жетіп, алтын медальға ие болды, – деді басқармада.

Сонымен қатар, ол «классикалық стильде» өткен шаңғы жарысында үшінші орын алды.

Төртінші қысқы ауылдық ойындарға еліміздің 11 өңірінен 300-ден астам жас спортшы қатысып, хоккей, шаңғы жарысы және конькимен жүгіру спорт түрлерінде бақ сынады.

Фото: ұйымдастырушыдан