Павлодарда өндіріс орындарының қызметкерлері футбол алаңында кездеседі

Павлодарда өндіріс орындарының қызметкерлері футбол алаңында кездеседі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«BALLSHIFT» чемпионаты Еңбек күні мерекесіне орайластырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Чемпионат 28 қыркүйек күні Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Жастар бастамаларын дамыту орталығының» ұйымдастыруымен өтеді.

Жарысқа өңірдегі зауыттар мен өндіріс орындарында еңбек ететін, жасы 35-тен аспайтын қызметкерлер қатысады.

– Чемпионаттың мақсаты – жұмысшы жастар арасында спорт мәдениетін қалыптастыру, командалық рухты нығайту, сондай-ақ бос уақытты өткізудің заманауи форматтары арқылы жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, – деді ұйымдастырушылар.

Іс-шара мини-футбол форматында, кәсіби төрешілердің қатысуымен өтеді. Жеңімпаздар кубокпен, естелік марапаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.