Павлодарлық баскетболшы қыздар жерлестерінен қолдау сұрады
Жанкүйерлерді 10 және 11 мамырда Камзин көшесі, 39/1 мекенжайында өтеді (бұрынғы «Автомобилист» спорт кешені) күтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарлық «Ertis» әйелдер баскетбол клубы 10 және 11 мамыр күндері Көкшетаудың «Окжетпес» командасына қарсы ел чемпионаты жартылай финалының қарымта матчтарын өз алаңында өткізеді.
Сериядағы алғашқы екі ойын 5-6 мамыр күндері Көкшетауда өтті. Бірінші кездесуде павлодарлықтар овертаймда 88:87 есебімен жеңілсе, екінші матчта 83:78 есебімен есе жіберді.
Қазіргі таңда сериядағы есеп — 2:0, «Окжетпестің» пайдасында. Егер «Ertis» өз алаңында екі матчта да жеңіске жетсе, сериядағы есеп теңесіп, финалға жолдама үшін шешуші қосымша ойын өткізу мүмкіндігіне ие болады.
Екінші жартылай финалдық жұпта астаналық «Tigers» командасы серияда 2:0 есебімен алда келеді.
Клуб жанкүйерлерді маусымдағы шешуші ойындарда команданы қолдауға шақырады.
Матчтар 10 мамыр күні сағат 17:00-де және 11 мамыр күні сағат 15:00-де Павлодар қаласы, Камзин көшесі, 39/1 мекенжайында өтеді (бұрынғы «Автомобилист» спорт кешені).
Кіру тегін.