Павлодарлықтар үшін Астанаға ұшу рейстары қысқартылды

Павлодарлықтар үшін Астанаға ұшу рейстары қысқартылды

Енді елордаға дейін рейстер аптасына төрт рет орындалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz 

«Павлодар әуежайы» АҚ-ның мәлімдеуінше, 16 шілде мен 7 тамыз аралығында Scat Airlines әуекомпаниясы Астана қаласына ұшақтар дүйсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшатын болады. 

Ұшу уақыты:

Астана (05:40) – Павлодар (06:30)

Павлодар (07:30) – Астана (08:20) 

Бұған дейін Павлодардан Астанаға рейс жұмасына бес рет орындалатын.

Естеріңізге сала кетейік, «SCAT» авиакомпаниясы жыл соңына дейін Астана қаласына дейін әуе рейсіне қызмет көрсету құқығына конкурс рәсімдерінде  жеңді. Бұған республикалық бюджеттен субсидиялар бөлінді.

Фото: Константин Шелков