Пойыздағы өрт: Павлодар облысында қысқы оқу-жаттығулар қалай өтті?
ТЖД-нің қызметкерлері қыста болуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алуға және жоюға дайындықты тексерді, деп хабарлайды @Pavodarnews.kz.
Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері оқу-жаттығудың сценарийіне сәйкес Жетекші ауылының маңындағы күрделі жағдай орын алған жерге әрекет етуге шыққан. Жаттығу шарттары бойынша екі шақырым жолда «мұз басып кетуінің» салдарынан көліктердің қозғалысын шектеліп қалған болатын. Сол жерде Барнауыл қаласынан Астанаға келе жатқан жолаушылар автобусының жүргізушісі жол бөлігінде тұрған көлік құралдармен соқтығыспау үшін жол жиегіне шығып кеткен. Автобустан кейін келе жатқан жеңіл автокөлік тоқтап үлгермей, алдында тұрған көлікпен соқтығысқан.
Нәтижесінде бірнеше адам зардап шеккен болатын. Сонымен қатар, автобус төмен сол жаққа қарай жылжып қалуына байланысты, жолаушылардың автобустан қалыпты шығуына кедергі келтірілді, себебі есіктер бұғатталып қалды. Ал автобустың екі жолаушысы автобустан өз бетінше шығып, Павлодар және Жетекші ауылына қарай екі бағытта жолға шығып, адасып, көздеген жерлеріне жете алмады.
Оқиға орнына келген ТЖД қызметкерлері шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болған зардап шеккендерді жылыту пунктіне эвакуациялап, жоғалған жолаушыларды іздеуге кіріскен болатын.
Сондай-ақ, көктайғақ салдарынан апатқа түскен көліктің өртенуін сөндіруге күшін жұмсады. Кейіннен жыраға түскен автобусты жолға сүйреп, шұғыл құтқару жасағының қызметкерлері автобустың есігін ашып, жолаушыларды сыртқа шығарды.
– Зардап шеккендер медициналық қызметке берілді. Құтқарушылардың екі тобы және 5512 әскери бөлімшесі Қызыл Жарты Ай еріктілерімен бірлесіп, адасқан адамдарды іздестірді. Келісілген әрекеттердің арқасында адамдар табылып, жылыту пункттеріне жеткізілді,– деді департаментте.
Сондай-ақ, төмен температураға байланысты бензині бар теміржол цистернасының қысымы төмендеп, жана бастады. Салдарынан жолаушылар пойызы алты сағатқа кешіктірілді. Пойызда жүкті әйел медициналық көмекке мұқтаж болған. Келген өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері мен ҚТЖ АҚ пойыздағы өртті сөндіріп, апаттар медицинасы орталығының бригадасы жүкті әйелді перинаталдық орталыққа эвакуациялады.
Жетекші ауылында жылыту пункттері ұйымдастырылып, соларға адамдар жеткізілді. Зардап шеккендерге ыстық тамақ, көрпе беріп, хабарласу үшін телефон ұсынылды. Жас балалары бар әйелдер үшін ана мен бала бөлмесі, сондай-ақ медициналық пункт ұйымдастырды.
– Осындай жаттығулар облыстың барлық аудандарында өтті. Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша облыс қысқы табиғат жағдайындағы төтенше жағдайды жоюға дайын,– деді департаментте.
Жетекші ауылында болған оқу-жаттығуларға ТЖД-нің жеке құрамның 199 адам мен 59 техника, оның ішінде өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.