Павлодар облысында ветеринариялық-бақылау бекеттерінде қандай бұзушылықтар анықталады?
Жыл басынан бері жануарлар өнімдерін тасымалдау кезінде 83 бұзушылық анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысының орынбасары Бәке Тасыбаев мәлім етті.
– Ветеринариялық бақылау бекеттерінде 4968 бірлік автокөлік тексерілді. Ал тасымалдау ережелері бойынша 83 бұзушылық анықталды,– деп атап өтті Бәке Тасыбаев.
Оның сөзінше, көбіне тасымалдау кезінде құжаттар бойынша сәйкессіздіктер анықталады. Бұл жағдайлар анықталған кезде көліктер қайтарылып, оларға айыппұл салынады. Жыл басынан бері бұзушылықты жою бойынша барлығы 1 770 нұсқама беріліп, оның ішінде орындалмаған 57 нұсқама бойынша құқық бұзушылар 567 мың теңге сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Мысалы, қазан айында Шарбақты бекеті арқылы Алтай өлкесінен 80 кг сары майды өткізгісі келген жүргізуші тоқтатылған болатын. Ол мұздатқышы жоқ жеңіл көлікпен сары майды тасымалдаған. Сондай-ақ, ветеринариялық ілеспе құжаттардың болмағандықтан көлік қайтарылып, айыппұл берілді,– деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, мамыр айында Успен ауданындағы Найза бекеті арқылы 400 кг шұжық етін тасымалдаған көлік қайтарылған болатын. Жүргізуші тасымалдау кезінде ережелерді сақтамай, айыппұл төледі.
Айта кету керек, облыста РФ-мен шекарада бес ветеринариялық бақылау бекеті жұмыс істейді. Олар Ертіс, Железин, Успен, Шарбақты аудандарында орналасқан.
– Биыл ветеринариялық-бақылау бекеттері арқылы: 36 мың тонна жануарлардан алынатын өнім, 63,2 миллион дана тауық жұмыртқасы, 37,9 мың бас ауыл шаруашылығы жануарлары бекеттен өтті. Бекеттердегі бақылау тәулік бойы жүзеге асырылады. Олар қажетті жабдықтармен, автокөліктермен және интернет желісімен қамтамасыз етілген. Шекара мамандарының жетісеушілігі жоқ,– деді спикер.
Оның айтуынша, Павлодар облысына келіп түскен өнім 12 мыңнан астам тоннаны құрайды. Атап айтқанда Словакиядан – 470 бас ірі қара мал,Чехиядан – 124 ірі қара мал, Даниядан 735 бас ірі қара мал және 283 бас шошқа, Латвиядан 136 бас ірі қара мал , 174 бас ұсақ қара мал жекізілді. Ал өңірден 4,5 мың тонна жануарлардан алынатын өнім мен шикізат және 3,6 миллион дана тауық жұмыртқасы экспортталды.