Павлодар ауданында қайта жабдықталған көлік тоқтатылды

Павлодар ауданында қайта жабдықталған көлік тоқтатылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру мақсатында Павлодар ауданының полицейлері «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында аудан жолдарындағы бақылауды күшейтуді жалғастыруда.

– Тәртіп сақшылары Павлодар – Шарбақты автожолында қайта жабдықталғаны бірден байқалатын Lada Largus маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында көлік құралына рұқсатсыз қосымша жарықтандыру құрылғылары орнатылғаны анықталды. Осы заң бұзушылық бойынша 41 жастағы жүргізушіге қатысты әкімшілік материал толтырылды, – делінген хабарламада.

Полиция азаматтарды автокөліктерді рұқсатсыз қайта жабдықтаудың жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ескертеді. «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы 7 желтоқсанға дейін жалғасады.