Павлодар облысының үш ауданында әкімдердің сайлауы өтеді

Павлодар облысының үш ауданында әкімдердің сайлауы өтеді
Фото: Константин Шелков

Үміткерлерді ұсыну басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аумақтық сайлау комиссиясы 5 қарашаға Ақтоғай, Железин және Шарбақты аудандары әкімдерінің сайлауын белгіледі. Бұған Павлодар облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі «Пилоттық өңірлердің тізбесін және аудан әкімдерін сайлау күнін белгілеу туралы» шешімі негіз болды.

Аудандық сайлау комиссиялары әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтерін белгіледі және негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларын бекітті.

Кандидаттарды ұсыну 16 қыркүйекте басталды.

Сайлау туралы ақпаратты аумақтық сайлау комиссияларының интернет-парақшалардан табуға болады.