Су тамшылаған: Павлодарда теннис орталығы жаңартылады

Су тамшылаған: Павлодарда теннис орталығы жаңартылады

«Энергетик» – теннис спорт түрін кеңінен насихаттау мақсатында салынған алаң, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ғимараттың бірінші бөлігі 2011 жылы тұрғызылып, одан кейін қосымша ғимарат салынған. Алайда 14 жылдан кейін орталықтың төбесінен су аға бастаған.

Осы үлгідегі орталықтарға қойылатын барлық халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи спорт кешені қаланың орталығында орналасқан. Төрт жабық және бір ашық теннис корттардан басқа, ішінде тағы шағын футболға арналған қосымша бөлме мен жаттығу залы бар. Корттар әлемнің үздік өндірушілерінің кәсіби жабындысымен жабдықталған. Бұл жоба бірыңғай кешенді бағдарлама аясында «Даму» қорының қолдауына ие болды.

Алаңға айына орта есеппен екі жүз адам келуде. 5-16 жас аралығындағы 132 бала тұрақты түрде тенниспен айналысады.

Облыстық теннис федерациясы Қазақстан теннис федерациясының қолдауымен осы спорт түрін дамытуды қолға алды. Ал осы спорт орталығының әкімшілігі клубтық және республикалық турнирлерді үнемі ұйымдастыруда.

 – Ғимаратымыз ескі, сондықтан шатырды жаңарту қажет. Ол үшін мемлекеттік субсидиямен банктен несие алдық, – дейді орталық бас директорының орынбасары Наталья Щемель.

Кәсіпорын бірыңғай кешенді бағдарлама бойынша қолдауға ие болды. «Forte Bank» -тен 19,5% мөлшерлемемен он миллион теңге алған, оның 10,5% мемлекеттік субсидиямен жабылды.

Айта кетейік, «Энергетик» орталығында қазір ересектерге арналған әуесқой теннис белсенді түрде дами бастаған. Бір сағатқа жеті мың теңгеге залды жалға алып, топпен немесе жұппен ойнап көруге болады.

Орталық «Baby tennis» халықаралық бағдарламасына қатысады. Теннис орталығында дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтердің кең спектрі көрсетіледі. Сонымен қатар, теннис орталығының тәрбиеленушілері үнемі республикалық, облыстық және халықаралық турнирлерге қатысады.

Фото: өңірлік коммуникациялар қызметі