Павлодарлық баскетболшылар сырт алаңда жеңісті жұлып алды
Бұл Бранислав Грегорич командасының екінші жеңісі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ertis» екінші кездесуін Ақтөбеде аттас командаға қарсы өткізді. Естеріңізге сала кетейік, бірінші матчта павлодарлық команда 93:72 есебімен басым түсті. Қарымта ойында алаң иелері жанкүйерлері алдында тырысты, ойын екі команда үшін де өте қиын болды.
Бірінші ширекте ақтөбеліктер 19:8, екінші ширекте 23:16 есебімен алға шықты. Осы сәтте павлодарлықтар ес жиып, ойынның тағдырын өзгерте алды. Үшінші ширектің өзінде-ақ «Ertis» есеп айырмасын қысқарта алды, ал соңғы он минутта павлодарлықтар алаң иелерін тас-талқанын 19:7 есебімен жеңді. Нәтижесінде 67:63 – «Ertis» жеңісі.
Осы жеңістің арқасында команда 14 ұпай жинап, Ақтөбе мен Астанадан ұпай айырмасын бір ұпайға қысқартты. Павлодарлықтар баскетболдан Ұлттық лига кестесінде соңғы сегізінші орында тұр.
Өкінішке орай, «Ertis» қыздары әріптестеріне қолдау көрсете алмады. Павлодарлықтар өз алаңындағы екі кездесуде де астаналық «Tigers» командасынан ұтылды. Чемпионат көшбасшылары жас «Ertis» аруларын ойсырата ұтты – 86:45, 90:35.
Желтоқсанның 16-сы мен 17-сі күндері «Ертіс» ерлер және әйелдер командалары №2 спорт мектебінде (бұрынғы «Автомобилист») алаңында ақтаулық «Каспийді» қабылдайды. Қыздар ойыны 15.00-де басталса, 18.00-де ерлер ойнайды. Кіру тегін.