Павлодарлық спортшы шетелдік лигада үздік атануы мүмкін
Әзірше ол көш бастап тұр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарлық MMA жауынгері Фаниль Рафиков ресейлік Fight Nights промоушенінде үздік спортшы атағына ұсынылды. Лиганың Telegram арнасында дауыс беру жүріп жатыр, ал жерлесіміз қазіргі уақытта 31 пайыз дауыспен көш бастап тұр. Одан кейін Александр Сарнавский мен Илья Фомочкин келеді.
Айта кету керек, 2025 жылдың желтоқсанында Фаниль Рафиков Fight Nights жеңіл салмақтағы Гран-приде сәтті қадам басты. Мәскеуде павлодарлық жауынгер екі дүркін PFL Гран-при жеңімпазы, америкалық Рэй Куперді төрешілердің бірыңғай шешімімен 30-27 есебімен жеңді.
Өткен жылдың ақпанында жауынгер өз жанкүйерлерінің алдында өзінің шеберлігін көрсетіп, «Қасапшы» Ахмед Әлиевті жеңіп, Fight Nights және Naiza чемпионаттарын жеңіп алды.