Павлодарлық емші «тылсым күш» арқылы 119 млн ақша алған
Іс алаяқтық, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы аса ірі мөлшерде жасалған бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі ретінде қаралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы №2 соты баспасөз қызметінің мәліметінше, емші әйел адамды дәстүрлі емес емдеу және тылсым күшке ие екеніне сендірген. Оған отбасындағы қарым-қатынасты, балалардың денсаулығын нығайту және бизнесінің гүлденуі үшін оккультизм саласында арнайы рәсімдерді өткізгені үшін жалпы сомасы 119 млн 480 мың теңге қаражатты иемденген.
Алаяқтық жасаған адамның кінәсі жиналған дәлелдемелермен, жәбірленуші мен куәлардың айғақтарымен дәлелденді. Алайда сотталушы кінасын мойындамады.
– Кәмелетке толмаған екі баласы мен бір кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескеріп, іс бойынша ауырлататын мән-жайлар болмағандықтан, сот оны 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды, – деді қалалық сотта.
Жәбірленушінің пайдасына қарай азаматтық талап бойынша сотталушының заңды өкілінен 119 млн 480 мың теңге мүліктік залал өндірді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.