Желідегі ақау: Екібастұзда 10 жасар бала аяғын күйдірді
Бала ауруханада жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Әлеуметтік желіде 8 желтоқсанда М. Жүсіп көшесі, 109 мекенжайында ер баланы күйік шалғаны туралы хабарлама жарияланды.
– «Ұлым далада ойнаған кезде доп су атқылап, жарылған құбырдың астына кіріп кетті»,– деп жазды хаттың авторы.
Облыстық жедел жәрдем станциясы аталмыш мекенжайға шақырту болғанын растады.
– 10 жастағы баланы бірінші және екінші дәрежедегі күйік шалды. Ол екі аяғын күйдіріп алды,– деді станцияда.
«Екібастұз жылу желілері» ЖШС кәсіпорынның мәлімдеуінше, 8 желтоқсанда қала тұрғыны сағат 11:13-те диспетчерлік қызметіне жүгінгеннен кейін мамандар оқиға орнына ақауды анықтау үшін шыққан болатын. Жылу желісі «Марунич» ЖК тиесілі екені анықталды. Жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында кәсіпорын қызметкерлері зақымдануды өз күштерімен жойды.
Сол күннен бері зардап шеккен ер бала Екібастұз қалалық ауруханасының балалар реанимациясы және қарқынды терапия бөлімшесінде жатыр. Күйік шалған күні дәрігерлер оның жағдайы ауыр дәрежеде болғанын айтады.