Болгариядан келген педагог Павлодардағы нашар еститін балалар мектебіне барды
Ол әріптестерімен инклюзивті білім беру саласындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, «№1 арнайы кешен балабақша - мектеп - интернаты» КММ-не Болгария Республикасы, «Ангел Канчев» Русен университетінің профессоры, ғылым докторы, PhD, Julia Doncheva келді.
- Julia Doncheva есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектептің оқу-тәрбие процесімен танысып, есту қабілетін дамыту және айтылымды қалыптастыру бойынша жеке және фронтальды сабақтарға қатыса алды. Сондай-ақ әріптестермен халықаралық деңгейде инклюзивті білім беру саласындағы жұмыс тәжірибесімен алмасты, - делінген хабарламада.
Профессор педагогтардың мейірімді ортасы мен шығармашылық көзқарасын, дефектолог мұғалімдердің кәсібилігін, мектептің эстетикасын және есту қабілеті бұзылған балалар білім алатын ыңғайлы, жайлы ортаға деген таңданысын білдірді.