Екібастұзда кәсіпкер екі оқушыға шәкіртақы тағайындады

Бұл шәкіртақы желтоқсаннан мамыр айына дейін беріліп отырмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Зерде» мамандандырылған лицей-мектебінің түлегі – кәсіпкер Мереке Байжан пән олимпиадасында жетістікке қол жеткізген 11-сыныптың екі оқушысына 30 мың теңгеден стипендия тағайындады.
Биылғы желтоқсан айының стипендиясы Кенесары Тойболдин мен Алина Оразбековаға табысталды.
Кенесары география пәнінен өткен облыстық олимпиадада 2-орын алған. Жетекшісі – Үміт Кенжебекова. Алина – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық деңгейде 3-орын иегері, халықаралық Қанипа Бітібаева атындағы олимпаиаданың жүлдегері. Сондай-ақ, облыстық көптілділік олимпиадасында 1-орынды жеңіп алған. Жетекшісі – Гүлсара Исабаева.