Павлодарлық NIS көшбасшылардың басын қосты

Павлодарлық NIS көшбасшылардың басын қосты
Фото: НЗМ

Зияткерлік мектепте дәстүрлі VI облыстық «Inspire the next step» атты көшбасшылар форумы өтті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Оқушылардың көшбасшылығын дамыту және жалпы орта білім беру мектептері арасында өзара әріптестік құру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға өңірдің 17 мектебінен барлығы 40-астам оқушы жиналды. Әр мектептің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелеріне «Мектебіміздің 7 құндылығы» атты экскурсия, «Өз-өзіне және өзгелерге құрмет», «Жауапты азаматтық позиция», «Ынтымақтастық», «Академиялық адалдық», «Өмір бойы білім алу» тақырыптарында пленарлық отырыс ұйымдастырылды. Оқушылар аталған мәселелерді талқылап, көшбасшылық қасиеттері мен жауапкершілікті дамытуға бағытталған маңызды ақпарат алды. 

Май ауданындағы Көктөбе жалпы орта білім беретін мектебінен келген Әлішер Қуанхановтың айтуынша, көшбасшылар жиналған форумның берері мол.  

Форум өте жақсы өтті. Оқушыларға үлкен мүмкіндік беретін мұндай шаралар ұйымдастырылатыны қуантады. Барлығымыз бірлесіп, бірқатар мәселелерді талқылап, шешімін таптық, – дейді ол.  

Форумға арнайы шақырылған спикерлер де қатысып, өз жетістіктерімен бөлісті.  

Іс-шара соңында форумға қатысқан көшбасшылар марапатталды.