Павлодарлық үш оқушы Алматыға оқу грантын ұтып алды

Павлодарлық үш оқушы Алматыға оқу грантын ұтып алды

Олар стартап бойынша жобаларды іске асыру үшін қаржыландыруға ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, Astana Hub пен IQanat бастамашылығымен ұйымдастырылған Beginit by InDrive әлеуметтік көшбасшылық және жобалау қызметі бағдарламасының қорытындысы шығарылды. Оған Қазақстанның алты өңірі – Қостанай, Павлодар, Өскемен, Тараз, Қарағанды және Орал ауыл мектептерінің 10-сынып оқушылары қатысты. 

Барлық оқушылар көшбасшылық және жобалық жұмыс бойынша қарқынды тегін курстан өтіп, әлеуметтік жобалар құрастырды. Ең үздік жобаларды іске асыру үшін қаржыландырылды. 200 қатысушының ішінен Павлодар облысынан үш дарынды оқушы жеңімпаз атанып, Алматы қаласындағы inVision U инновациялық университетінде оқуға толық грант алды. Білім гранттарына Май ауданының Малайсары мектеп оқушысы Нұрасыл Ахметсапар, Шарбақты ауданының Сосновка мектебінің оқушысы Дарина Шмальцель, Екібастұз қаласының № 25 қазақ қыздар гимназиясы Рената Закирова ие болды.