Баянауылда құтқарушылар таудан түсе алмаған жастарға көмектесті
Оқиға орнына дереу бес құтқарушы жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1997 жылы туған жігіт пен 2000 жылғы қыз тауға көтерілген, алайда күн батқаннан кейін өздігінен түсе алмаған.
– Оқиға орнына дереу бес құтқарушы жіберілді. Демалушылар 700 метр биіктіктен альпинистік жабдықтың көмегімен төменге түсірілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады, – дейді департаментте.
Сонымен қатар дәл сол күні бір жарым сағат бұрын құтқарушылар Ақбет тауына көтеріліп, өздігінен түсе алмаған 50 жастағы ер адамға таудан түсуге көмектесті.
Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.