Екібастұзда қазақтың ұлттық киімдер фестивалі өтті
Фестивальде қаланың мекемелерінен, оқу орындарынан, ауылдық жерден 15 қатысушы бақ сынасты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурыз күні «Болашақ+» сауда үйінде «Атамұра» мәдениет орталығының ұйымдастыруымен өткен мерекелік шарада үміткерлер алдын ала бекітілген ережеге сәйкес көрермен назарына түрлі жастағы, маусымаралық, сәндік және тағы басқа киім түрлерін ұсынып, жиналған жұртшылықты тәнті етті.
– Бас жүлде «КооперацияПВ» ЖШС маманы Рауана Шалқымановаға бұйырды. Жүлделі І орынды қаламыздың белсенді жастарының бірі, «Жайдарман» ойындарының қатысушысы Ділдә Әбішева, ІІ орынды «Богатырь Көмір» ЖШС, кадр жөніндегі жетекші маманы Миргүл Джаубаева, ІІІ орынды Лаура Ерботина иеленді, – делінген хабарламада.
Барлық қатысушылар дипломмен, алғыс хатпен және қаржылай сыйлықпен марапатталды.