Екібастұздан Аққулыға кеткен жігіт табылмай жатыр

Мадияр Молдажанов 2023 жылдың 8 қаңтарында Аққулы ауданының Қазы ауылына шыққан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Vita еріктілерінің мәліметінше, сол кеткеннен бері қайтып үйіне оралмаған және бүгінгі таңда оның қайда жүргені белгісіз.
Мадияр Молдажанов 1999 жылы 18 қазанда дүниеге келген. Бойы - 140-150 см, арықша келген, шашы қара. Бетінің сол жағында ойық тәрізді тыртық бар.
Қызыл куртка мен сұр джинсы шалбар, қара бас киім, қара бәтіңке киген.
Хабарсыз кеткен жігітті көрген немесе ол туралы қандай да бір ақпарат білген тұрғындардан +7 747 615 55 63 (Катерина), +7 777 334 82 01 (Светлана) телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды.
Фото: Константин Шелков