Күйген иіс: Павлодарда он көлік шақыртуға шықты

Күйген иіс: Павлодарда он көлік шақыртуға шықты
Фото: Константин Шелков

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1 қаңтарда сағат 19:20-да өрт сөндірушілерге Бакинская, 5 мекен-жайындағы он қабатты үйдің кіреберісінде күйген иіс шығып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Аталмыш мекенжайға 44 өрт сөндіруші мен 10 арнайы машина барған. Өрт орын алған орынды іздеу барысында ешқандай факті расталған жоқ.

Айта кету керек,  31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін өрт сөндірушілер 12 рет жолға шықты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл шақырулардың көбі -  пеште қалып кеткен тамақ немесе қоқыстың жануынан орын алған.