Павлодарда зейнеткер мен баланы көлік қағып кетті
Алған жарақаттарынан оларды ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қамзин көшесі бойымен келе жатқан «Lada Priora» маркалы жеңіл көліктің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қаққан.
– 18 қаңтарда 10:30-да жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. Медициналық бригада қызметкерлері екі минутта жетті,– деді облыстық жедел жәрдем станцияда.
63 жастағы әйелдің бас жарақаты мен тобығының сынуымен №1 қалалық ауруханаға, ал алты жасар қыз ерін жарасы және стресске жедел реакциясымен облыстық балалар ауруханаға жеткізілді.