Павлодар облысында 100-ге жуық лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Өңірде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жеті мыңнан астам заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, сондай-ақ оларда белгіленген мерзімдерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті. Жалпы қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша 96 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті рұқсаттарды беру мерзімдері мен тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылатынын атап өтті.
– Алайда, көрсетілген талаптарға қарамастан, көрсетілетін қызметті берушілер рұқсаттарды беру мерзімдері мен тәртібін бұзып, оның ішінде рұқсаттарды беруден уәжделмеген бас тартады. Осылайша, жыл басынан бері 22 тексеру жүргізіліп, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау саласында 55 өтініш қаралды, – деді департаментте.
Бұдан басқа, департамент көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелеріне қолжетімділікті ұсыну арқылы көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының сақталуына сыртқы мониторинг жүргізеді. Бақылаудың бұл форматы бұзушылықтарға жедел ден қоюға және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша қажетті іс-шараларды жүргізуге мүмкіндік береді.
– Нәтижесінде жеті мыңнан астам заң бұзушылық анықталды. Департаменттің араласу қорытындысы бойынша 1240 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді. Жалпы қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша 96 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 17-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мысалы, жоспарлы тексеру барысында Ақсу қаласы Евгеньевка ауылдық округінің аппаратында көрсетілетін қызметті алушы ұсынылған материалдардың сәйкес келмеуі себебінен, белгіленген талаптарға нақты сәйкестігі кезінде бас тарту себептерін нақтылаусыз негізсіз бас тарту фактісі анықталды, – деді департаментте.
Бұдан басқа, көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттардың бірдей тізбесі және олардың мазмұны бар өтініштер бойынша бірнеше рет бас тартулар берілген.