Павлодар қаласының әкімі азаматтарды көшпелі қабылдау өткізеді

Павлодар қаласының әкімі азаматтарды көшпелі қабылдау өткізеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қалалықтар Хасар Хабылбековке өз сұрақтарын қойып, ұсыныстар жасай алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 қыркүйекке дейін шаһар басшысы тұрғындардың сұрақтарына құлақ асады. Көшпелі қабылдауға қала әкімінен бөлек мемлекеттік органдардың басшылары қатысады. 

Қала әкімі азаматтарды көшпелі қабылдауды 12 қыркүйек күні сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін «KSP Steel» ЖШС, 16 қыркүйек күні «ПНХЗ» ЖШС, 17 қыркүйек күні «Нефтехим LTD» ЖШС, 19 қыркүйек күні «Каустик» АҚ-да сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін өткізеді.

Ал мемлекеттік органдардың басшылары қала тұрғындарымен 14 қыркүйек күні Катаев көшесі, 44 мекенжайы бойынша Қ.Әбусейітов атындағы мәдени-сауық орталығында, 18 қыркүйек Ломов көшесі, 64 – Торайғыров университетінде кездеседі.