Павлодарлықтарды таргетингке үйретеді

Павлодарлықтарды таргетингке үйретеді
Фото: pexels.com / Mikael Blomkvist

Тренинг Жастар бастамаларын дамыту орталығында ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«AdFocus: Сенің таргетингтегі табысқа апарар жолын» тренингі 4 шілде күні сағат 15:00-де Ломов көшесі, 38 мекенжайы бойынша Жастар орталығында өтеді.

Тренингте мақсатты жарнаманың негіздері, әлеуметтік желілердегі тиімді стратегиялар, жарнамалық платформалармен жұмыс істеудің практикалық дағдылары қарастырылады. Спикер  интернет маркетолог және таргетолог Илья Голицын, – дейді ұйымдастырушылар.

Алдын-ала тіркелу үшін +7(776)737-30-67 WhatsApp нөміріне хабарласуға болады.