Павлодар бюджетіне ондаған миллион теңге қайтарылады

Павлодар бюджетіне ондаған миллион теңге қайтарылады
Фото: Константин Шелков

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ТКШ жұмысында анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өңірлік департаментінің басшысы Медет Амралиновтың айтуынша, тұрғын үйді жалға алу бойынша мемлекеттік сатып алу шарттарының құны негізсіз асыра бағаланған. 

– ТКШ бөлімі, кейінірек Павлодардың тұрғын үй қатынастары бөлімі 2020 жылдан бастап жылжымайтын мүлкі тұруға жарамсыз деп танылғандарға берілетін пәтерлерді жалға алуға шарттар жасасты, – деп түсіндірді ведомство басшысы. – Пәтерлер жыл сайын екі заңды тұлға арқылы жалға алынды, шарттардың құнына негізсіз қосымша құн салығы сомасы енгізілді. 

Сонымен қатар, ҚР Салық кодексінің 396-бабы бойынша «Жермен және тұрғын ғимараттармен байланысты өткізу жөніндегі айналымдар» тұрғын ғимаратты немесе оның бір бөлігін жалға беру, тұрғын емес үй-жайлардан басқа, қосылған құн салығынан босатылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша әкімдік екі заңды тұлға төлеген ҚҚС сомасын қайтару туралы сот ісін қозғады. Тараптар дауды реттеу туралы келісімді бекітті. Қызмет көрсетушілер 2025 жылдың қараша айына дейін шамамен 80 миллион теңге қайтаруға міндеттенді.

Естеріңізге сала кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлердің араласуының арқасында 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап облыс мектептерінде бастауыш сыныптар үшін тамақтану бюджеті 421 теңгеден 506 теңгеге дейін ұлғайтылды.