Павлодарлық орманшылар табиғатты қорғауға қосқан үлестері туралы айтып берді

Павлодарлық орманшылар табиғатты қорғауға қосқан үлестері туралы айтып берді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Ертіс орманы» табиғи резерватына 23 жыл толды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысында еліміздің басты байлықтарының бірі – табиғаттың тынысы саналатын ормандарды көздің қарашығындай сақтап келеді.

– Біз табиғатты қорғауға қосқан үлесімізді мақтан тұтамыз және осы жасыл мұраны болашақ ұрпаққа аманаттауды өз миссиямыз деп санаймыз. Осы жылдар ішінде біз мыңдаған гектар орманды сақтап қалдық, ондаған экологиялық бастамаларды жүзеге асырдық және табиғатты қорғау туы астында жүздеген бейжай қарамайтын жандардың басын қостық, – деп бөлісті «Ертіс орманы» өкілдері.

Сонымен қатар, орманшылар әлемді бірге жасыл әрі таза етіп жүрген өңірдің белсенді тұрғындарына алғыс айтты. Әрбір аман қалған ағаш пен егілген әрбір жаңа дән – бұл үлкен еңбектің жемісі.