Павлодарлық аңшылар жабайы жануарларды жемдеу үшін дәнді дақылдар егуде

Павлодарлық аңшылар жабайы жануарларды жемдеу үшін дәнді дақылдар егуде
Фото: "Ертіс орманы" табиғи резерваты

Алқаптар елік, бұлан және құстарға жасалуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты баспасөз қызметінің мәліметінше, азық қорларын ұлғайту, сондай-ақ тұяқтылар мен басқа да жануарлар түрлерін сақтау және көбейту үшін жем алқаптарын құру басталды.

Жем-шөп алқаптары жазғы азық қорын кеңейтеді және тұяқтыларды шоғырлануы үшін қолайлы жерлерде ұстайды. Бұл алқаптар негізінен елік пен бұланға және құстарға қолайлы, – дейді резерватта.

Алқаптар әдетте ең үлкен тығыздықтағы аймақтарға таралады.

Азықтандыруға арналған алқаптар жануарларды ұзақ уақыт бойына тартуы керек, сондықтан мұндай танаптардың сұрыптамасы дәнді дақылдардың келесі түрлерін: сұлы, арпа, қарақұмық, күнбағысты қамтиды.