Павлодар облысында осы апта жаңбырлы болады

Павлодар облысында осы апта жаңбырлы болады
Фото: Константин Шелков

Жаңбыр жиі жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 15 шілде күні жаңбыр және найзағай күтіледі. Сынап бағанасы түнде +15...+20°С, ал күндіз +29...+34°С  көрсетеді.

16 шілде де жаңбыр мен бұршақ жауады. Ауа температурасы түнде  +17...+22°С, ал күндіз +29...+34°С-ты болады. 

17 шілдеде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Сынап бағанасы түнде +18...+23°С, ал күндіз +29...+34°С ыстық болады. 

18 шілдеде жауын-шашын болады деп күтілуде. Сондай-ақ, найзағай мен бұршақ жауады.  Ауа температурасы түнде +16...+21°С, ал күндіз +25...+30°С-қа дейін көтеріледі. 

19 шілде күні жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +15...+20°С, ал күндіз +23...+28°С  болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрді құрайды.

Сенбіде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +15...+20°С, ал күндіз +23...+28°С-ты көрсетеді.  

Жексенбіде облыстың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасы түнде +14...+19°С, ал күндіз +21...+26°С болады.