Павлодар облысында Жаңа жыл мерекесінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

Павлодар облысында Жаңа жыл мерекесінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

3 қаңтар, сенбі күні, кезекші ХҚКО мен МХҚКО үшін жұмыс күні болып табылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Жаңа жыл мерекесіне байланысты 2026 жылғы 1-2 қаңтарда, сондай-ақ 7 қаңтар күні халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істемейтінін хабарлайды.

3 қаңтар, сенбі күні, кезекші ХҚКО мен МХҚКО үшін жұмыс күні. Азаматтарды қабылдау 09.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.

5 және 6 қаңтар жұмыс күндері болып саналады. Бұл күндері еліміздегі барлық ХҚКО мен МХҚКО әдеттегі кесте бойынша 09:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Еске сала кетейік, халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде мамандандырылған орталықтар, жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Кезекші ХҚКО мен МХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.