Павлодар облысының жолдары қар мен мұздан тазалануда
Облысқа қарасты автожолдардағы жұмысқа 9 арнайы техника мен 9 білікті маман жұмылдырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы баспасөз қызметінің мәліметінше, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Павлодар облыстық филиалының қызметкерлері республикалық автожолдарды күтіп ұстау жұмыстарын жалғастыруда.
Көктемге дайындық штатты тәртіпте жүргізіліп жатыр. Су өткізу құбырларын қар мен мұздан тазалау күн жылынғанда ағынды судың қауіпсіз өтуіне мүмкіндік береді. Бүгінде облыс аумағындағы тас жолдарда орналасқан 592 құбырдың 411-і тазаланған.