Павлодарда «Күзгі Ертіс бояулары» пленэрінің үздіктері анықталды

Павлодарда «Күзгі Ертіс бояулары» пленэрінің үздіктері анықталды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосурет

«ERTIS Creative» жобасы аясында өткен  қалалық сурет байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шараға қала суретшілері қатысып, Ертіс жағалауындағы күзгі табиғат пен шаһар көріністерін өз туындыларында бейнеледі.

Пленэр қорытындысы бойынша барлық қатысушы Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков атынан ақшалай сертификаттармен марапатталды. Сонымен қатар, қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтады.

Бірінші орынды Өсербай Шоранов пен Лариса Кузнецова иеленді. Екінші орын Ольга Пашко мен Алтын Кисамиденоваға бұйырды. Үшінші орынға Ақертіс Солтанбаев пен Ольга Ловина лайық деп танылды.

Ұйымдастырушылар күзгі Ертістің көрінісін қылқалам арқылы бейнелеген барлық суретшілерге алғыс білдірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін қатысушылар өз туындыларын өзен жағалауының көріністерін қылқаламмен бейнелеген болатын.