Павлодар әкімі көмір сақтау орындарының дайындығын тексерді
Бүгінгі таңда нысандар отын сақтауға дайын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің, кәсіпкерлік бөлімінің өкілдерінен және қалалық мәслихат депутатынан құралған жұмыс комиссиясы Павлодардағы тұйықтар мен көмір сақтау орындарының дайындығына мониторинг жүргізді.
– Бүгінгі күні Товарная көшесі, 25 мекенжайы бойынша орналасқан «А-ВЕСТ» ЖШС-де 11 мың тоннадан астам, ал Шығыс өнеркәсіптік аудан, 2 мекенжайы бойынша орналасқан «ELITE KZ» ЖШС-де 12 мың тоннадан астам көлемдегі көмірдің жеткілікті қоры бар, – деді қала әкімі.
Қажет болған жағдайда көмір қосымша сатып алынып, тұйықтар мен қоймаларға жеткізіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram