Ақсу ауылдық аймағында үйір жылқы ұрланды

Ақсу ауылдық аймағында үйір жылқы ұрланды
Фото: pixabay.com

Күзгі-қысқы кезеңде мал ұрлығы көбейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақсу қаласына қарасты Жолқұдық ауылдық аймағының маңында еркін жайылымнан 25 бас жылқы ұрланған, осылайша, ауыл шаруашылығы жануарларының иесіне аса ірі мөлшерде мүліктік зиян келтірілді. 

Полиция қызметкерлері облыстың күдік туғызған төрт тұрғынын анықтап, ұстады. Күдіктілер етті Екібастұзға тапсыруды жоспарлады, алайда оларды полиция жол бойында тоқтатты. Мал ұрлығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Павлодар облысы Ақсу қаласы полиция бөлімінің бастығы Нұриман Валеев. 

Полиция департаменті мүлік құқығынан басқа, әр иесінің оның сақталуын қамтамасыз ету міндеті бар екенін еске салады.   Еске сала кетейік, мал ұрлығын жасауға, оларды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында 18-20 қараша аралығында өңірде «Мал ұрлаушы» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.