Павлодарда құрылыс саласының көшбасшылары бас қосады

Павлодарда құрылыс саласының көшбасшылары бас қосады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құрылыс компанияларының басшылары мен өкілдерін құрылыс индустриясын дамыту мәселелері бойынша кездесуге шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кездесуді өңірлік кәсіпкерлер палатасы Қазақстан құрылысшылар одағымен бірлесіп ұйымдастырады.

Бүгінде Қазақстан құрылысшылар одағы – 1650-ден астам компанияның басын қосып отырған елдегі ең ірі салалық қауымдастық. Біздің өңірге жұмыс сапары аясында кездесуді Одақтың аппарат басшысы Жамбыл Аужанұлы Ахметбеков жүргізеді. Кездесудің басты мақсаты – саладағы жүйелі мәселелерді шешу үшін бизнес пен сарапшылар қауымдастығы арасында тікелей диалог орнату. Бұл – сіздің компанияңыз үшін өзекті мәселелерді көтеруге және қолдау шаралары туралы бірінші ауыздан ақпарат алуға берілген бірегей мүмкіндік, – деді облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Талқылау барысында аймақтық құрылыс секторындағы ағымдағы кедергілер, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы, сондай-ақ құрылыс бизнесін қолдау шаралары мен мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу тетіктері сөз болады.

Кездесу 26 ақпан күні, сағат 11:00-де Луговая көшесі, 16-үй, 316-бөлме мекенжайы бойынша «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының ғимаратында өтеді.

Ұйымдастырушылар қатысушылардан өздерінің қатысатынын (толық аты-жөнін, лауазымын және компания атауын) 25 ақпанға дейін 8 (705) 611 50 00 (Мұрат) телефоны арқылы немесе жауап хат жолдау арқылы растауды сұрады.