Павлодарда «Борышкер» ЖАШ-ның бірінші күнінде екі млн теңгеден астам қаржы өндірілді
Жедел-профилактикалық шара аясында бірқатар бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, "Борышкер" жедел-профилактикалық шарасы әлі үш күнге жалғасады.
- Әкімшілік полиция қызметкерлері прокуратура және жеке сот орындаушыларының өкілдерімен бірлесіп екі миллион теңгеден астам қаражат өндіріліп алынды. Иелерінде әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар 3 көлік айып тұрағына қойылды. Аталған іс - шара барысында 1 млн.теңге көлемінде жол қозғалысы ережесін бұзғандарға айыппұлдарды төлеу қажеттілігі туралы 55 ұйғарым табыс етілді, - деді Павлодар облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Борис Әлімбаев.
Полицейлер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл түрінде жаза алған азаматтарға мәжбүрлеп төлету шарасын күтпеуді, айыппұлдарды уақтылы төлеуді ескертеді.
Жедел-профилактикалық шара "Жазаның бұлтартпастығы" қағидатын қамтамасыз ету, жүргізушілердің көлік жүргізу тәртібін арттыру, апаттылықты азайту және салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылуда.
Ол облыс аумағында 6-10 ақпан аралығында өткізіледі.