Баянауыл құтқарушылары туристерге көмек көрсетті

Баянауыл құтқарушылары туристерге көмек көрсетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жасыбай көлінде қатты жел мен жаңбыр басталып, олар көмек сұрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға туралы қоңырау 19 маусым күні сағат 16:40-та келіп түсті. 

Өтініш берушінің айтуынша, оның жұбайы мен қайын енесі, 1989 және 1970 жылдары туған Қарағанды тұрғындары Жасыбай көлінің оңтүстік жағалауында жаяу серуендеген. Серуендеу барысында демалушылар көлдің қарама-қарсы жағына шығып кеткен. Ауа райының күрт нашарлауына байланысты олар өздігінен орала алмады және көмек сұрады, – делінген хабарламада.

Оқиға орнына ТЖД Жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушысы жүзу құралымен шықты. Қызметкерлер әйелдерді жағаға шығарды. Демалушыларға медициналық көмек қажет болмады.

Ведомство демалушыларға ауа райы жағдайларын, жүріп-тұру маршруттарын ескеріп және табиғи аймақтарда болған кезде сақтық шараларын сақтау қажеттігін еске салады.