Павлодарда дәстүрлі әншінің шығармашылық кеші өтеді
Кеш қонағы – эстрада жұлдызы Досымжан Таңатаров, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Сондай-ақ жергілікті өнер майталмандары қатысады.
30 мамыр күні, сағат 19:00-де Иса Байзақов атындағы филармонияның концерттік залында облысымызға танымал, бүгінгі күннің Майрасы атанған, республикалық байқаулардың жеңімпазы, дәстүрлі әнші, термеші Салтанат Кисатованың «Әсем әнім сырнайда» атты шығармашылық кеші өтеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске сала кетейік, Марғұлан университеті музыкалық білім беру бағдарламасының оқытушысы, дәстүрлі әнші, термеші, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Салтанат Қисатова ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Құрмет грамотасымен марапатталған болатын.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай өткен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы «Көне ғасыр күмбірі» атты аймақтық жыршы, термешілер байқауының Бас жүлдегері.