Павлодарда жеті автобус қозғалыс бағытын өзгертті

Павлодарда жеті автобус қозғалыс бағытын өзгертті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір учаскелер жабылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты кешкі сағат 20:00-ге дейін Қамзин көшесі бойынша Аймауытов көшесінен Малайсары батыр көшесіне дейін Қамзин-Аймауытов және Қамзин-Щедрина көшелерінің қиылыстары жабылады. Осыған байланысты №2, 6, 9, 16, 40, 55, 57 автобус маршруттарының қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізілді.

№ 2 автобус бағыты батыстан шығысқа қарай Лермонтов көшесімен жүріп, осы учаскені Лермонтов – Павлов – Малайсары батыр – Катаев – Естай – Қамзин көшелерімен және маршрут бойынша айналып өтеді. Кері бағытта қозғалыс сызбасы өзгеріссіз қалады.

№ 6 автобус бағыты Малайсары батыр көшесі бойынша шығыстан батысқа қарай жылжу кезінде осы учаскені: Малайсары батыр-Елгин-Геринг-Қамзин көшелері бойынша айналып өтеді. Сол сияқты кері бағытта.

№ 9 автобус бағыты оңтүстіктен солтүстікке қарай Қамзин көшесімен жүріп, осы учаскені Қамзин-Малайсары батыр – Павлов – Аймауытов – Сұрағанов-Нұрмағамбетов көшелерімен және маршрут бойынша айналып өтеді.

№ 16 автобус бағыты Щедрина көшесімен шығыстан батысқа қарай жылжу кезінде осы учаскені Щедрина – Елгин – Геринг – Қамзин көшелерімен және маршрут бойынша айналып өтеді. Сол сияқты кері бағытта.

№ 55 автобус маршруты оңтүстіктен солтүстікке қарай Қамзин көшесімен жүру кезінде осы учаскені Қамзин – Малайсары батыр –Елгин – Геринг – Қамзин көшелерімен және маршрут бойынша айналып өтеді. Сол сияқты кері бағытта.

№ 40 автобус бағыты батыстан шығысқа қарай Лермонтов көшесімен жүріп, осы учаскені Лермонтов – Павлов – Малайсары батыр – Катаев – Естай – Малайсары батыр көшелерімен және маршрут бойынша айналып өтеді. Кері бағытта қозғалыс сызбасы өзгеріссіз қалады (бекітілген).

№ 57 автобус бағыты Естай көшесі бойынша батыстан шығысқа қарай жүру кезінде Естай – Малайсары батыр – Елгин – Геринг – Қамзин көшелерімен және маршрут бойынша осы учаскені айналып өтеді. Сол сияқты кері бағытта.