Павлодарда құтқарушылардың қатары толықты

Павлодарда құтқарушылардың қатары толықты
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

ТЖ департаментінің қызметкерлері 10 әскери қызметшіні қарсы алды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сарбаздар 28237 әскери бөлімінде қызмет еткен. Оларды гүлдермен, шарлармен туыстары және достары қарсы алды.

– ТЖД қызметкерлері азаматтық қорғау органдарына қызметке тұру бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сарбаздардың болашағы зор, – дейді ведомствода. 

ТЖ департаментінің қызметкерлері өз қатарларында азаматтарды күтетінін айтады.