Павлодарда депутаттар мен сарапшылар маңызды мәселелерді талқылады

Павлодарда депутаттар мен сарапшылар маңызды мәселелерді талқылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде TALQYLAU диалог алаңы өтті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Кездесудің басты тақырыбы Қазақстанда атом электр станциясын салу, сондай-ақ 6 қазанға белгіленген жалпыұлттық референдум өткізу мәселесі болды. Іс-шараға қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жастар, ҚР Парламенті Мәжілісінің ардагерлері мен депутаттары, сондай-ақ энергетика саласындағы сарапшылар қатысты.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жарқынбек Амантай алдағы референдумның маңыздылығын атап өтіп, энергетикалық дағдарыс, әсіресе елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде шұғыл шешімдерді талап ететінін айтты.  

Біз сіздермен маңызды тарихи оқиғаның алдында кездесіп отырмыз. 6 қазанда барлық қазақстандықтар дұрыс шешім қабылдауы тиіс. Әр азаматтың пікірі маңызды рөл атқарады, ал халықпен алдын алдын ала кеңесу туралы шешім бүкіл мемлекет үшін маңызды қадам болып табылады, – деді Жарқынбек Амантай.

«Торайғыров университеті» КЕАҚ басқарма төрағасының м.а., профессор Нұрлан Ержанов түсіндіру жұмысындағы жоғары оқу орындарының рөлі туралы айтып берді. Оның айтуынша, оқу орындарының қызметкерлері референдумға қатысудың маңыздылығын түсіндіре отырып, халықпен белсенді кездесулер өткізуде.

Біз атом электр станциясы қазіргі әлемдегі ең маңызды энергия көздерінің бірі екенін түсінеміз және көптеген елдердің энергетикалық қауіпсіздігі мен экономикалық өсуін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады, – деп атап өтті Ержанов.

PhD докторы, жылу энергетикасы кафедрасының профессоры Асхат Бергузинов көмір электр станцияларына тәуелді Қазақстанның энергетикалық жүйесі алдында тұрған елеулі проблемаларға тоқталды.

– Бұл станциялар 70% тозған және елде электр энергиясын тұтыну жыл сайын 3%-ға артып келеді. Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша міндеттемелерді өз мойнына алды. Бұл  экологиялық энергия көздеріне көшуді талап етеді, – деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы 6 қазанда Қазақстанда республикалық референдум өтеді.