Павлодарда еріктілер жолдарда қабылдау акциясын ұйымдастырды
Мобильді еріктілер тобы азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша тегін заңгерлік кеңес берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бүгін, яғни 8 қыркүйек күні "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасын іске асыру шеңберінде заңгерлер, адвокаттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, облыс орталығының жолдарында қабылдау ұйымдастырды. Мұнда мобильді еріктілер тобы азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша тегін заңгерлік кеңес берді.
- Бұл акция туралы естігеннен кейін біз оны қолдадық. Өйткені азаматтарға көмектесу – еріктілердің бірінші кезектегі міндеті. Біз 42 азаматқа кеңес бердік. Мәселелер әр түрлі болды, бұл еңбек құқығы, алаяқтық әрекеттер, қылмыстық құқық, зейнетақы аударымдары, көші - қон құқығы және т.б., - деді заңгер Әнуар Қалықов.
Акцияның мақсаты - құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтарға, әсіресе халықтың осал топтарына тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне, студенттерге және т.б. тегін заңгерлік көмек көрсетеді.
- Адвокат табу өте қиын. Әсіресе халықтың осал тобына жататын тұрғындар үшін ақылы түрде адвокаттан кеңес алуы көп жағдайда мүмкін емес. Менің сұрағым бойынша мені қызықтыратын барлық нәрсені білдім. Олар өте сауатты кеңес берді, - деп атап өтті Павлодар қаласының тұрғыны.
Айта кетелік, павлодарлықтар кез келген сұрақтар бойынша 8(771) 356-66-77 нөмері арқылы хабарласып, кеңес алуға болады.