Павлодар көшелерінің бірінде болған ЖКО зерттелуде
Жолкөлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Hyundai Sonata маркалы авто көлік пен ВАЗ 2106 көліктері Ткачев көшесінде соқтығысқан. Апат сағат 16:00 шамасында орын алған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды.
- Жолкөлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Тексеру жүргізілуде, - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Осы оқиғаға қатымты мамандар сараптама тағайындады.