Павлодарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы байқау өтті

Павлодарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы байқау өтті
Сурет: А.І

Оған қаладан жүзден астам оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ішкі саясат бөлімі Павлодар қаласының білім бөлімімен бірлесіп, «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» байқауын өткізді.

Оған Павлодар балалар өнер мектебінің 15 оқушысы қатысып, үшеуі жүлделі орындарға ие болды.

«Оқушылар өз суреттерінде әділетсіздік пен арамдыққа, арамдыққа қарсы екендіктерін көрсетті», –  дейді көркемсурет мектебінің мұғалімі Валентина Степаненко. 

15 жасар Айсу Жүсіпбаева «Жемқорлыққа жол жоқ» жұмысы үшін бірінші орынға ие болды. Екінші орынды 14 жастағы Адела Сейілханова «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты шығармасымен иеленді. 15 жасар Даяна Зукова «Жемқорлыққа жол жоқ!» жұмысымен үшінші орынға лайық деп танылды.