Павлодарлықтар декларациялауға қалай дайындалу қажет?
Салық органдары құжаттар тізімін ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін жеке тұлғаларға мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды ретке келтіру, нотариустардан қарыз шарттарын куәландыру, ақша қаражатын банк шоттарына орналастыру, тәуелсіз бағалаушыдан қымбат мүлікті бағалау, Қазақстанда келесі сайттар бойынша активтер мен міндеттемелердің бар-жоғын өз бетінше тексеру ұсынылады.
Декларацияны электронды нысанда «Салық төлеушінің кабинетті» «Электронды үкімет» порталы, сонымен бірге «е-Salyq Azamat», «eGov mobile» мобильді қосымшалары, «Halyk Bank», «Kaspi Bank», Банк «ЦентрКредит» банктердің қосымшалары арқылы ұсынуға болады.
Декларация пошта арқылы немесе тұрғылықты жері бойынша ұсынылады. Тапсыру мерзімі – 15 қыркүйек. Декларацияны ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Егер декларацияны тапсырмаған немесе тапсыруды кешіктірген болса, онда ескерту жасалады, ал оны бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Егер активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда, кірістер мен мүлік туралы декларацияда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсынған болса, онда ескерту шығарылады. Оны бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.