Павлодардың төрт жетекші жоғары оқу орны оңтүстік жастарын тегін білім алуға шақырады

Мұндай мүмкіндік «Серпін-2050» бағдарламасы аясында ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласының төрт жетекші жоғары оқу орны 2025-2026 оқу жылында тегін грант негізінде білім алуға шақырады. Аталған бағдарламамен білім беретін ЖОО-лар: С. Торайғыров атындағы Павлодар университеті (ToU), инновациялық Еуразия университеті (ИнЕУ), Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты (ЕИТИ) Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті.
– Жастар мемлекеттік грант негізіндегі тегін оқып, жатақханамен қамтамасыз етіледі. Шәкіртақы алады. Еңбекпен қамту кепілдігі беріледі. Жаңа өңірде жаңа өмірлік тәжірибе жинау мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар, – деп жазылған хабарламада.
Қосымша ақпаратты мына ресурстардан алуға болады: 8(747)247-70- 70, www.serpin.kz, ЖОО-лардың ресми сайттары мен қабылдау комиссиясы парақшалары.