Павлодарлық баскетболшылар жаңа жылды жеңіліспен бастады
«Ertis» ерлер командасы 2025 жылдың алғашқы матчтарын өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ұлттық лига аясында павлодарлықтар Қостанайда жергілікті «Тобылға» қарсы ойнады. Өкінішке қарай, Бранислав Грегорич шәкірттері екі кездесуде де жеңіліп қайтты.
Алғашқы кездесуде алаң иелері 87:69 есебімен сенімді жеңіске жетсе, екінші кездесуде павлодарлықтар лайықты қарсылық көрсете білді. Ойынның бірінші ширегі «Ertis» пайдасымен аяқталды – 21:16, бірақ екінші он минутта қостанайлықтар алға шықты. Үшінші ширек екі жақты тартыста өтті – 23:22. Алайда шешуші он минутқа павлодарлықтардың күші жетпеді. Нәтижесінде 89:75 – «Тобылдың» жеңісі.
Келесі матчтарды «Ertis» сырт алаңда өткізеді. Алматыда павлодарлықтар жергілікті «Алматы Легионмен» ойнайды. Ойындар 11 және 12 қаңтарда өтеді.