«Екібастұз» футбол командасы шымкенттіктерді жеңді

«Екібастұз» футбол командасы шымкенттіктерді жеңді
Фото: «Екібастұз» ФК

«Шахтер» стадионы өздерінің сүйікті командасын қолдауға келген жүздеген жанкүйерлерге толы болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі  

Республика күнін мерекелеу қарсаңында «Шахтер» қалалық стадионында «Екібастұз» және «Оңтүстік академиясы» (Шымкент қаласы) командалары арасында футбол матчы өтті. 

Бірінші тайм екі команда үшін де нәтижесіз болды. Тек 67 минутта Тимур Байжанов «Екібастұз» есебін ашты, 4 минуттан кейін матчтың 71-минутында «Оңтүстік академиясы» (Шымкент) командасы, дәлірек айтсақ, Мағжан Тоқтыбаев 1:1 ұпаймен есепті салыстырды және матч соңында Ким Чан Ву 4 минутқа уақыт қосқанда яғни 90+4 екінші жеңіс голын соқты. 

Осылайша, «Екібастұз» командасы Футболдан Қазақстан Бірінші лигасының 28-ші турында Шымкент «Оңтүстік академиясы» футбол клубын жеңді.